Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус эпидемиясына байланысты халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық циклды бір айға созды, деп хабарлады Olympic.kz.
Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 10 ақпан күні түнде ресми мәлімдеме жасады.
IJF күнтізбесіндегі соңғы өзгертулерде Олимпиадалық цикл 30 маусымға дейін созылды. Құрлықтық жарыстар 30 сәуірге дейін өтпейді. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы турнирлер 30 сәуірге дейін өтпейді, - делінген.
Айта кетерлігі, бұған дейін IJF сәуір айында болуы тиіс рейтингілік "Grand Slam" және Гран-при кезеңдерінің өтпейтінін хабарлаған болатын. IJF ережесіне сәйкес Олимпиадалық рейтинг 30 мамырда жабылуы тиіс еді.