Астана, BAQ.KZ. Еліміздегі кейбір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде делдалдық фактісі орын алған.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Оның айтуынша, алаяқтар келушілерге өздерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің көмекшісімін деп таныстырып, олардан ақша талап еткен.
«Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті аталған орталықта ауқымды іс-шаралар жүргізіп, заңсыз қызмет ұсынушылардың жолын кесті. Қазіргі уақытта барлық анықталған алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылуда», - дейді Ішкі істер министрінің кеңесшісі.
Жыл басынан бері делдалдардың келушілерді алдап ақша алуына қатысты 6 оқиға тіркелген.