Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қыркүйек күні Әбу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінің барлық билеттері 2 күнде сатылып кетті, деп хабарланды Prosports.kz сайтында.
Жұдырықтасу кешінің басты кездесуі Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасында өтетін болады.
UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атағы бар Хабиб Нурмагомедов (27-0) өз титулын Дастина Порьеге (25-5, 1 NC) қарсы жекпе-жекте қорғайды.
7 қыркүйек күнгі кешке Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады.