Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ.Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз МакГрегорға қарсы екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы қанша гонорар алатынын айтты.
Али Абдель-Азиз MMAjunkie.com сайтына берген сұхбатында Хабиб ирландиялық Конор МакГрегормен екінші жекпе-жегі үшін 50 миллион АҚШ долларын алатынын мәлімдеді.
Хабиб бірінші кезекте Джордж Сен-Пьермен жекпе-жек өткізеді. Кейін Фергюсон мен Гэтжи арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен төбелеседі. Хабиб ақша табатын жекпе-жекті емес, нағыз чемпиондыққа үміткермен жұдырықтасуды таңдайды. Конорға қарсы жекпе-жекте Хабиб әдеттегіден 3,5 есе көп гонорар алатын еді, – деді Али Абдель-Азиз.
Естеріңізге салатын болсақ, Хабиб Нурмагомедов 18 сәуірде америкалық Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды.