Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі.Ақтөбелік поляктар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына дайындалып жатыр. Сессия сайын жұмыстары жанданатын «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Цибульская өз пікірін білдірді.
Ел астанасында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына ақтөбеліктер де қатысады. Жыл сайын Ассамблея сессиясында ерекше күш-жігер жинап қайтатын Елена Цибульская бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз үшін бақытты екенін жеткізді.
«Ассамблеяның сессиясына үлкен үмітпен барамыз. Бұған дейінгі сессияларға барғанда қанаттанып келетінмін. Кейде қызметімізде түрлі жағдайлар орын алып, бағдарламаларымыз орындалмай қалатын кездер болады. Сессиядан кейін қайта жанданамыз, жігерленеміз. Жаңа идеялар туындап, қолдау табамыз. Жұмысқа құлшыныс басталады. Күтеріміз көп. Оған қоса, биылғы сессия кезектен тыс президент сайлауының алдында өткелі отыр», - деді «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Цибульская.
Этномәдени бірлестіктің қазір 200-ге жуық мүшесі бар. Елена Цибульскаяның сөзінше, жартысы ғана. Қатарларына күн сайын қосылып жатқандар бар. Орталықта өңір тұрғындары поляк тілін тегін үйрене алады.
«Әлем ұлтаралық қатынастан тұрады. Біз де еліміздің кішкентай ғана бір бөлшегіміз ғой. Қазақстандағы бейбітшіліктің себебі осы. Орыс ұлтының отбасында бешбармақ асылып жатса, қазақ отбасында борщ пісіріліп жатады. Осының өзі керемет емес пе?! Орталығымызда үнемі татулық пен бірлікті, өзге ұлттарды сыйлауды айтып отырамыз. Бейбітшілік – ең басты байлық. Қазір орталығымызда поляк тілін үйретіп жатырмыз. Тек поляктар ғана емес, өзге ұлттың да өкілдері келеді. Мен Ассамблеямызды мақтан тұтамын», - деді «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы.
Ақтөбе облысында 150 мыңнан астам түрлі этникалық топ өкілдері тұрады. 18 этномәдени бірлестік бар.