Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХА-ның XXIX сессиясында «Berbang» күрдтер қауымдастығы жастары атынан елордада алма бағын отырғызуды ұсынған еді. Бір апта ішінде қаланың әр ауданында алма ағаштарын отырғызу акциясы жүзеге асырылды. Бүгін қалған 80 түп ағашты ҚХА мүшелері екті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент кітапханасының жаңа ғимараты жанындағы саябақ аумағында көшет отырғызды.
Жалпы акция аясында клубтық сорттардың 500 алма көшетін және 30 кубан қарағайын отырғызылды.
ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов осы апта ішінде елорданың бірқатар ауданында қала әкімдігінің қолдауымен 500 түп алма ағашы отырғызылды.
Бүгін акцияның соңғы күнінде тағы 80 түп отырғызуға келіп отырмыз. Қазақстан халқы ассамблеясы бұл акцияны Отан қорғаушылар күніне арнап отыр. Мемлекет басшысының ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу бастамасы бар. Бұл тапсырманы ҚХА да қолдап отыр. Осындай акция елдің барлық өңірінде жүзеге асырылады, - деді ол.
Әзілханов атағандай, алма ағаштарыв өте кірпияз. Алайда бір сорт арнайы сұрыпталған.
Оларды күнде суарып, қарап отыру керек. Сондықтан ҚХА мен қалалық әкімдік оған күтім жасап, өсіп кетуіне қолдау көрсетеді. Алма ағаштары қаланың ауа райына бейімделген. Жел мен суыққа төзімді. Елорданың жайқалуына үлес қосады деп ойлаймыз, - деді Марат Әзілханов.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Хамедов Абилфас бұл акция елорданы желектендіруге үлес қосатынын айтты.
Бүгін-көктемнің керемет күндерінің бірі. Ағаш отырғызу үрдісі 7 мамыр мерекесіне орай жүзеге асырылып жатыр. Азаматтық қоғам өкілдері, депутаттары мен ҚХА мүшелері ағаш отырғызуға бірауыздан атсалысып жатыр. Осы жерге сіңісіп, өсіп кетеді деп ойлаймыз. Елордамызды жасыл желектендіру шарасына осылайша үлес қосып жатырмыз, - деді ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Хамедов Абилфас.
Айта кетейік, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ қатысты.