ХҚКО-ларды бір мезгілде ашпаған дұрыс – сарапшы

6 Мамыр 2020, 12:51
1557
Бөлісу:
ХҚКО-ларды бір мезгілде ашпаған дұрыс – сарапшы
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары, "Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы" ЗТБ президенті Рафаэль Гасанов айтты.

Қазіргі жағдайда карантин шараларын жергілікті атқарушы органдар сапалы атқаруы керек. Себебі, олар биліктің атқарушы бөлігі болғандықтан, жауапкершілік те басым. Екі айдан бері еліміздегі барлық мекеме, кәсіпорын атаулы оқшаулануға көшті. Қарағанды облысында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) бір мезгілде ашылғанын естідім. Шешімді әр өңірдің жедел штабы шығарады. Осы арада жедел штаб жетекшілеріне айтарым, алдымен, мемлекеттік корпорациямен ақылдасу керек. Себебі, онда тәжірибелі мамандар бар. Әзірге ХҚКО-ын бір мезгілде ашпаған дұрыс, әлі ерте. Нұр-Сұлтан қаласында екі ғана ХҚКО жұмыс істеп тұр, - деді ол.

Рафаэль Гасанов ең алдымен, халықтың өзінде жауапкершілік болуы керегін айтты.
Еліміздегі жағдайдың жаңа кезеңінде ХҚКО-ның жұмысын алға қою шаралары біртіндеп қолға алынып жатыр. Сервис ақсап тұрғанымен, қалпына келтіру жұмыстары барынша жүргізілуде. Жедел штаб мамандары ХҚКО-ын ашуда тиімді алгоритм жасау үшін мекеме қызметкерлерімен ақылдаса отырып, қадам жасауы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы