Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атқару комитетінің шешімімен Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы үндеуі қабылданды.
Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан еңбеккерлерінің ең ірі бірлестігі ретінде Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған қоғамды жаңғырту бағыты барлығымызға еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік береді. Біз Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдаймыз, - делінген федерацияның үндеуінде.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы халықты дұрыс ақпараттандыруға және еліміздің азаматтарына ұсынылып отырған реформаларды түсіндіруге белсенді қатысу ниетін білдіреді.
Заңнамалық өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беру – әрбір қазақстандықтың саяси бағытты қалыптастыруға қатысу құқығын және өз елінің болашақ тағдыры үшін жауапты шешім қабылдау құқығын айқындайтын тарихи әділеттілік актісі. Бұл «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы маңызды қадам.
Негізгі заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған. Бүкіл әлем үшін қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар бірігіп, азаматтық ұстанымын танытып, алдағы референдумға белсене қатысуы тиіс.Өткен жылдардың тәжірибесі бүкіл қоғамның бірігуі мен саналы қолдауы ғана демократиялық өзгерістер мен әлеуметтік әділеттілік қағидаларын алға бастырудың негізі бола алатынын көрсетті, - делінген Кәсіподақтар федерациясының үндеуінде.
Кәсіподақтар бірлескен күш-жігермен біз лайықты болашаққа және барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыт-бағдарымызды жалғастыратынымызға сенімді.