Кезектен тыс Президент сайлауының уақыты белгіленді

21 Қыркүйек 2022, 17:12
3043
Бөлісу:
Кезектен тыс Президент сайлауының уақыты белгіленді

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

2022 жылғы 21 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы