Кезек күттірмейтін операциялар карантин кезінде қалай жүргізілді?

25 Қыркүйек 2020, 18:19
1126
Бөлісу:
Кезек күттірмейтін операциялар карантин кезінде қалай жүргізілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Реаниматолог-дәрігер Айдын Қуанышбек ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында пандемияның кардиология саласына қаншалықты әсер еткеніне тоқталды.

COVID-19 пандемиясы кардиология саласына ғана емес, тұтас медицинаға айтарлықтай әсер етті.  Артериялық гипертензия,  жүрек-қан тамыр патологиясы бар, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда бұл індет ауыр түрде өтеді. Себебі, өкпе зақымданған кезде ағзаға түсетін оттегінің мөлшері азаяды. Ал, кардиологиялық аурулары бар науқастарда оттегі онсыз да жеткіліксіз. Өкпе зақымданғанда олардың жағдайы одан сайын қиындай түседі. Мұндай науқастарда жедел инфаркт болуы мүмкін, - деді ол.

Дәрігер сонымен қатар, түрлі кезек күттірмейтін операциялар карантин кезінде қалай жүргізілгенін айтып берді.

Карантин кезінде науқас клиникаға кардиогенді шок және миокард инфарктісімен  түскен болса, біз қорғаныш киімдері арқылы қабылдап, тиісті көмек көрсетілді. Бұл кезеңдерде біз  клиникаға еліміздің өзге өңірлерінен санитарлық авиация арқылы келген науқастарды да қабылдадық. Егер жүрек-қан тамыр патологиясы, қолқа ауруы немесе аортаның зақымдануы сияқты жедел көмекті қажет ететін жағдайлар болса, оларға операция жасадық, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы