Кейінгі 20 жылда елімізге 320 млрд доллар инвестиция тарттық – Елбасы

24 Қыркүйек 2019, 10:53
2409
Бөлісу:
Кейінгі 20 жылда елімізге 320 млрд доллар инвестиция тарттық – Елбасы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың жаңа Жібек жолы жобасын қолдаймыз. Өйткені, бұл бастама біздің еліміз үшін пайдалы. Біз осы теңіз жолдары арқылы елдерге шығу мүмкіндігін алдық. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында.

20190924101442_IMG_0414-01.jpeg

Елбасы кеңеске қатысушыларға Қазақстан астанасына келгендері үшін алғысын білдірді. 

«Қазақстан заң шығару мәселелеріне аса көңіл бөледі. Біз жолды іздемеуіміз керек, сол жолды салуымыз керек. Себебі, ол сол адамның тағдырына әсер етеді. Бұл сөздердің түбі тереңде жатыр. Қазақстанның тәуелсіз тарихымен де байланысты. КСРО ыдырағаннан кейін біз өзіміз жер көлемі бойынша 9 орын алып, кеңістігімізді бекіттік. Сол кезде біз бірлесе отырып, өз болашағымызды жасауымыз керек деп айтқан болатынбыз. Осы мәселелерге байланысты іс-шараларды әрі қарай жалғастырған болатынбыз. Мен Қазақстанның Тұңғыш президенті ретінде 30 жыл бойы Қазақстанның президенті болдым. Маған халқым аса зор сенім танытты. Мен осы жылы өз өкілеттігімді тоқтату бойынша шешім қабылдаған болатынмын», - деді Елбасы. 

20190924101453_IMG_0419-01.jpeg

Сондай-ақ, Елбасы елімізде табыс деңгейі долларға шаққанда 9 есеге өсіп, кедейлік 10 есеге қысқарғанын атап өтті.

«Қазір сол қызметімді іске асырып жатырмын. Сондай-ақ, 1991 жылдан бастап біз күрделі дағдарысты кезеңдер мен сынақтардан өттік. Халықпен бірге қиындықтарды еңсере білдік, өршіл мақсаттар қойып, оған қол жетікіздік. Инфляцияны да еңсердік. Біздің сол кезде экономикамыз қандай деңгейде болғанын білесіздер. Өндіріс, тоқтады, жұмыссыздық, дүкендерде бос сөрелер, жалақы мен зейнетақы төлеу мүмкін емес болды. Бірақ, 30 жылда біз осының барлығын еңсердік. Осы жылдары жеткізген толағай табыстарымызға біз қуана аламыз. Басты басымдық ретінде экономикалық өрлеу мен халықтың әл-ауқатын қойдық. Нарықтық экономиканы басынан бастап құра алдық, қазір Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылды. ЖІӨ 18 есеге өсті. Біздің еліміздің экономикасы Орталық Азия елдерінің ЖІӨ алғанда екі есе артып түседі. Табыс долларға шаққанда 9 есеге өсіп, кедейлік 10 есеге қысқарды. Яғни, 4%-ға дейін. Кейінгі 20 жылда біз елімізге 320 млрд доллар инвестиция тарттық. Осы аймақта бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрмыз. 90 млрд доллар халықаралық резервтер жинақталған. Бұның барлығы дағдарыс кезінде тұрып қалудан, оны еңсеруге, көмек берді. Біз шикізаттық ресурсқа тәуелділіктен арылу мақсатында, өндіріс орындарын іске қостық», - деді ол. 

20190924101501_IMG_0425-01.jpeg

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан теңізге тікелей жолы жоқ мемлекет болғанымызға қарамастан, өте ірі инфрақұрылымдық жоспарды жүзеге асырғанын жеткізді.

«Қысқа уақыт ішінде 15 мың қашықтықтағы автомобиль және теміржолдарды салып, жөндедік. Бұл біздің елімізге Каспий арқылы Тынық және Атлант мұхиттарына, Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік берді. ҚХР-ның жаңа Жібек жолы жобасын қолдаймыз. Өйткені, бұл бастама біздің еліміз үшін пайдалы. Біз осы теңіз жолдары арқылы елдерге шығу мүмкіндігін алдық. Қазіргі кезеңде Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын көпірге айналды. Жүктерді тасымалдау екі есеге артты. Біз белсенді түрде цифрландыруды және экономикамыздың технологиялық жаңғыртуын жүргізудеміз. Қазақстан ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып болашақтың энергиясы тақырыбында ЭКСПО көрмесін өткізді. Біздің елімізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Дүниежүзілік банктің бизнес рейтінгінде біздің еліміз 28 орынды алды. Ұлы даланың нақ жүрегінде біз 20 жылдың ішінде өзіміздің әсем қаламызды салдық. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңғырту стратегиялық жоспары бар. Оның басты мақсаты – озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылады. Біз қадамдап осы мақсатымызға ұмтылып жатырмыз. Біз өз шекарамызды белгілеп алдық. Көрші елдермен, Ресей, Қытай, Орталық Азиямен татулық, достастық қарым-қатынасындамыз. Қазақстан барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Бізде ешқандай елмен қақтығыс, жан-жал жоқ. Тек қана достық пен ынтымақтастықты дамытып жатырмыз», - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы