Кейде дәрі ішуге тура келеді – Трамп

7 Сәуір 2025, 13:33
742
Бөлісу:
Кейде дәрі ішуге тура келеді – Трамп
Фото: insta: realdonaldtrump

АҚШ президенті Дональд Трамп баж салығын АҚШ экономикасын емдеу тәсілі ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Reuters мәліметінше, ол Еуропа жыл сайын "бізге көп ақша төлемейінше" ЕО-мен келісім жасамайтынын айтты.

Трамп жаңа баж салығын АҚШ экономикасына арналған "дәрі" деп атады. Бұл туралы ол журналистерге Air Force One ұшағында мәлімдеді. Оның сөзін Ақ үйдің баспасөз пулы таратты.

Президенттен баж салығына байланысты қор нарығы қаншалықты құлдырауы мүмкін деген сұрақ қойылғанда, ол бұл сұрақты "ақымақ сұрақ" деп бағалады:

"Мен ештеңенің құлауын қаламаймын. Бірақ кейде бір нәрсені түзету үшін дәрі ішуге тура келеді", – деді Трамп.

Ол Еуропа, Азия және басқа аймақтардағы елдер өкілдерімен сөйлескенін, олардың бәрі келісім жасауды қалайтынын айтты. Сондай-ақ ол ірі технологиялық компаниялардың басшыларымен кездескенін, олардың қолдау білдіргенін жеткізді. Бірақ нақты есімдерін атаудан бас тартты.

Еуроодақпен баж салығын жою мүмкіндігі туралы сұраққа Трамп:

Еуропалық елдер біз арқылы байыды. Олар бізге жыл сайын көп ақша төлемейінше, ешқандай келісім болмайды, – деп жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы