Кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді

30 Желтоқсан 2020, 09:45
2450
Бөлісу:
Кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілді.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы 2021 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Алматы-2 – Петропавл» қатынасындағы №105/106 жүрдек пойызының күн сайын жүретіні туралы хабарлайды (бұрынғы нөмірі №705/706).

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша өзекті ақпараттарды алу үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Bilet.railways.kz сайтына тіркелу қажет.

Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.



Өзгелердің жаңалығы