Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кейбір қазақстандықтар зейнетақыларын қайтаруға міндеттеледі

10 Қыркүйек 2025, 14:54
939
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде заңсыз зейнетақы алып келген қос азаматтығы бар қазақстандықтар қаражатты бюджетке қайтаруға міндетті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақыпованың айтуынша, мұндай азаматтарға қатысты материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданған. Қазір онда тергеу жүргізіліп, келтірілген нақты залал сомасы анықталуда.

Залал сомасын уәкілетті орган – Қаржылық мониторинг агенттігі анықтауы тиіс. Барлық материалдар жолданды, менің ойымша, тергеу жүріп жатыр және заңсыз алынған зейнетақы мемлекетке қайтарылатын болады, – деді министр.

Бұған дейін зейнетақы мен жәрдемақы енді "пропискасы" барларға ғана төленуі мүмкін екені айтылған еді.

Өзгелердің жаңалығы