Кейбір елдімекенді су басу қаупі төніп тұр

9 Наурыз 2019, 19:56
2646
Бөлісу:
Кейбір елдімекенді су басу қаупі төніп тұр

Алматы, BAQ. Биылғы көктемде Қарағанды, Қостанай, Шығыс пен Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.

Бұл аймақтарда қардың көбесі енді сөгіле бастаған. Сондықтан өңірлік төтенше жағдайлар департаменттері арнайы оқу-жаттығулар өткізіп, тасқынның алдын алу шараларын пысықтап жатыр. Ал су басу қаупі бар ауыл, елді мекен, аудан, қалаларда арнайы комиссиялар құрылған. 

Шығыс Қазақстан облысында 74 елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл негізінен Қатонқарағай, Бесқарағай, Шемонаиха, Барадулиха, Алтай аудандарындағы ауылдар. Өскемен мен Семей және Риддер қалалары да қауіпті аймақтар қатарында. Сондықтан төтенше жағдайлар мен коммуналдық салдағы мамандар мен техникалардың дайындығы күнде пысықталады. 

«Күштер мен құралдар барлығы дайындыққа келтірілген. 6 мобильді топ құрылған. Жеке құрамнан мың шақты адам. 300-дей көмекші құралдар, 60 шақты жүзу құралдары дайындыққа келтірілген», -дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Жадыра Аманғалиқызы.

Бесқарағай ауылындағы 81 үйді су басу қаупі бар екен. Сол үшін бұл аудан бойынша да тасқынға қарсы жұмыстар қолға алынған. 

«5 жыл осы жерде тұрамын, 2 жыл болды су тасып жатыр. Көмектері есіктің алдына құмды үйеді де кетеді. Судың шініде қалған қаншама кісілеріміз тұр әлі күнге дейін шырылдап отыр, мұздың үстінде отырған», -дейді Бесқарағай ауылының тұрғыны Күлбаран Хамзина.

Былтыр ауыл ішінде бөгет жасалған. Бірақ ол жеткіліксіз болғандықтан даладан келетін судың жолын бөгеу үшін тағы да бір жарым шақырым жерге топырақ үйіліп жатыр. Жалпы ауданда қарғын суға қарсы шаралар үшін 5 миллион 750 мың теңге бөлінген. Оған қоса 20 шақты техника мен 10 бригада дайын.

Өзгелердің жаңалығы