Кейбір басылымдар хайп қуып, жантүршігерлік бейнелерді көрсеткен

Кеше, 23:10
277
Бөлісу:
Кейбір басылымдар хайп қуып, жантүршігерлік бейнелерді көрсеткен
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Вице-премьер Қанат Бозымбаев әлеуметтік желілер мен ғаламторда Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ақпарат таратушыларға өтініш жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы вице-премьер Ақтаудағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бір өтініш айтқым келеді. Әлеуметтік желілерді қарап отырып, жағамды ұстадым. Белгілі басылым апат орнынан қаза болғандардың денелерінің бөлшектері бар (жантүршігерлік) видео жариялады. Өтініш, этиканы сақтаңыздар! Өйткені апаттан қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарына онсыз да оңай болып отырған жоқ. Олар бұл видеоны көрмесіне кім кепіл?! Кейбір журналистер күйіп қалған адам денелерінің бөлшектерін көрсете отырып, хайптан ақша тапқысы келеді. Әрине, сіздер өздеріңіздің қаралымдарыңызды көбейтесіздер. Бірақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарының психикасы мен құқығын сыйлаңыздар, - деп ескертті Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар ол ақпарат таратушыларға заң тұрғысында құқықтық баға беріледі деп отыр.

Біз ертең бұл мәселені ертең қолға аламыз. Түсінікті болу үшін айтайын, мұндай басылымдарға құқықтық баға беріледі, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы