Кей өңірлерде жауын жауып, кей аймақтарда +46 градус ыстық болады

24 Маусым 2024, 11:48
783
Бөлісу:
Кей өңірлерде жауын жауып, кей аймақтарда +46 градус ыстық болады
Фото: BAQ.KZ - архив

Таяу күндері Қазақстан аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің батыс және солтүстік аймақтарында 25-26 маусымда жаңбыр жауады, ал жекелеген аудандарда нөсер болса, 27 маусымға дейін республиканың солтүстігінде күн ысиды.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз температура +35+38 градусқа дейін, оңтүстігінде +40+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы