Кетушілер саны 40%-ға азайды: Қазақстанға кімдер көшіп келіп жатыр?

Қазақстанда халық ең көп қоныс аударатын өңірлер анықталды

 gov.kz Бүгiн 2026, 13:16
Бүгiн 2026, 13:16
277
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросы көші-қон бойынша соңғы деректерді жариялады. 2025 жылы Қазақстаннан кеткендер саны 40,2%-ға азайып, үшінші жыл қатарынан оң көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда сыртқы көші-қонның оң сальдосы сақталуда. 2025 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 23 761 адам келді, ал кеткендердің саны 7 608 адамды құрады. Сыртқы көші-қонның сальдосы оң – 16 153 адам. Осылайша елімізде қатарынан үшінші жыл көші-қонның оң сальдосы байқалып отыр.

2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,2% азайды, елге келгендер саны 18,9% кеміді. Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүрген. Достастық елдеріне барлық келушілердің 81,8% және кеткендердің 71,8% тиесілі. Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендердің саны көп болса, кеткен елдер арасында азаматтар Германия, Польша және АҚШ-қа көбірек көшкен, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін еліміздің өңірлері арасында Алматы облысын – 5 754 адам, Алматы қаласын – 4 068 адам және Маңғыстау облысын – 3 562 адам таңдаған.

Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан – 1 451 адам, Алматы қаласынан – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысынан – 685 адам көшіп кеткен.

Шетелден кеткендер мен келгендердің негізгі үлесі 35-39 жас аралығындағы азаматтар. Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқы қаншаға жеткені белгілі болды. 

Наверх