Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Кестетігерім өмір есігін ашты". Айдана Меденова сүйінші хабарын жеткізді

18 Қаңтар 2024, 15:09
2446
Бөлісу:
 instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Эстарада әншісі, КешYou экс-солисі Айдана Меденова сәбилі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Белгілі әнші қызына қандай есім бергенін де айтып өтті.

Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің, - деп жазды ол.

"Кестетігерім өмір есігін ашты". Айдана Меденова сүйінші хабарын жеткізді

Айта кетейік, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Айдана Меденова мен продюсер Әлішер Нұржанов 2015 жылы отау көтерді. Олардың Ханифадан бөлек ұлы мен қызы бар. 

Бұған дейін әнші Серік Ибрагимов сәбилі болған еді. 

Өзгелердің жаңалығы