"Кешіріңіздер". Алматы мәслихатының депутаты балағат сөзіне жауап берді

21 Ақпан 2024, 15:30
4248
Бөлісу:
"Кешіріңіздер". Алматы мәслихатының депутаты балағат сөзіне жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы кезінде мәслихат депутат Тимур Елеусізов өз баяндамасын айтып жатып балағат сөз айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Депутат күрделі сын есімге тілі келмей бірнеше рет қайталап айта алмағандықтан боғауыз сөз айтып жіберді.

Тимур Елеусізов өзінің әлеуметтік желісінде балағат сөзі үшін кешірім сұрады. 

Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында мен әдепсіз сөз айттым. Айтқан сөзім біреуді ренжітсе, шын жүректен кешірім сұраймын! Қоғамдық тәртіпті бұзғаным үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Дегенмен елімізде бұданда шешімі таппаған мәселелер бар екенін естен шығармасақ, – дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы