Зеленскийге брифинг кезінде Макрон қоңырау шалды, бірақ әңгіме өрбіген жоқ. Брифинг барысында Украина басшысы Владимир Зеленскийге Франция президенті Эммануэль Макрон қоңырау шалды. Украина басшысы қоңырауға жауап берді, бірақ журналистермен тығыз жұмыс істейтінін айтып, сөйлесуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы РБК-Украина жазды.
Кешіріңіз, Эммануэль, мен қазір журналистермен сөйлесіп жатырмын. 15-20 минуттан кейін қайта қоңырау шала аламын ба? – деді Зеленский телефон тұтқасын көтерген соң.
Осыдан кейін ол брифингті жалғастырды. Оқиға 20 наурыз күні таңертең Украина басшысы БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп жатқан кезде болған.
Кейін France24 журналисінің сұрағына жауап берген Зеленский телефон соққанның Макрон екенін растады.
Иә, мен жаңа ғана президент Макронмен сөйлестім. Біз онымен жиі, орта есеппен күніне бір рет сөйлесеміз, – деп өздерінің байланыстары тұрақты екенін атап өтті.