Кертаев вакцинация жайлы: Айналамызға жауапкершілікпен қарайық

6 Сәуір 2021, 09:05
1518
Бөлісу:
Кертаев вакцинация жайлы: Айналамызға жауапкершілікпен қарайық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев «Спутник V» вакцинасын салдыртты. Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында жазды.

Тиімділігі 90% асатын, әлемде мойындалып, тіркелген үш вакцинаның бірі – «Спутник V» мен де салдырдым. Елордамыздағы «Шипагер» емханасынан екпе алғаныма бүгін төртінші күн болды. Бірінші күні тамағым жыбырлап, сәл әлсіреп, аз-маз қызуым көтерілді. Қазір бәрі қалыпты. Суға түспей, ауыр зат көтермей, дұрыс тамақтанып, уақтылы ұйықтап, маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтап, барынша күтіну керек екен. Енді толыққанды иммунитет қалыптасуы үшін 21 күннен кейін екінші дозасын аламын, - деп жазды ол.

Бұл екпе ерікті түрде әрі тегін салынып жатыр. Мамандардың айтуынша, вакцинаны неғұрлым көп адам алса, соғұрлым берік ұжымдық иммунитет қалыптасады. Күннен-күнге тез түрленіп, өңін өзгертіп, өршіп жатқан ауруды тоқтатудың жалғыз жолы да – екпе болып тұр екен...

Тарихқа көз жүгіртсек, COVID-19 әлемді тығырыққа тіреген алғашқы тұмау емес. 1918-1920 жылдардағы Испан тұмауы жер бетіне жаппай таралып, 50  млн адамды жалмаған. Азиялық, Гонгког сияқты тұмау түрлерінен 1-2 млн адам көз жұмған. Испан тұмауының алғашқы толқыны 1918 жылы көктем-жаз айында болған. Күзде екінші толқыны басталған. 1919 жылы үшінші рет өршігенде, тағы да қаралы хабар көбейген. 1920 жылы ғана пандемия толық аяқталған. Бұл вирус та тез мутацияланып, әлемге оның жаңа штаммдары жайыла берген. Испан тұмауынан көз жұмғандарды жер қазып, көметін адам табылмай қалған. Оған себеп, антисанитария және адамдардың әлеуметтік қашықтыққа бей-жай сақтамағаны дейді деректердегі ақпараттар, - деді Кертаев.

Ринат Кертаев жақынымызға жанымыз ашыса, айналамызға жауапкершілікпен қарау керектігін де айтты.

«Абай жолында» да оба ауруы таралатыны туралы жазады ғой М.Әуезов. Сонда Абайға жергілікті дәрігер «бұ жақтың халқы өлім болған үйге жиналады екен. Бұл аурудың таралуына себеп болып тұр» деп налиды. Айтқым келгені, жақынымызға жанымыз ашыса, айналамызға жауапкершілікпен қарайық... Екпе алуға тырысайық... Аурудан аман болайық, - деп жазды ол.

Тиімділігі 90% асатын, әлемде мойындалып, тіркелген үш вакцинаның бірі – «Спутник V» мен де салдырдым. Елордамыздағы...

Опубликовано Ринатом Кертаевым Понедельник, 5 апреля 2021 г.

Өзгелердің жаңалығы