Керамикалық плитка өндірісі артты

27 Қазан 2023, 21:48
730
Бөлісу:
Керамикалық плитка өндірісі артты

Қазақстанда керамикалық плитка өндірісі артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда керамикалық плиткаларды қоса алғанда, плитка өндірісі айтарлықтай өсті – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,4% артық. Барлығы 4,8 млн ш.м. өнім өндірілді.

Сондай-ақ, аталған өнімдердің экспорты 10,3% өсті. Мәселен, ағымдағы жылдың сегіз айында экспортқа 1,6 млн ш.м. өнім жөнелтілді, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1,4 млн ш.м.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында 17,8 млн шаршы метр керамикалық плиткалар импортталды. Осылайша, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 78,5% құрады.

2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 21,1 млн шаршы метр керамикалық плитка сатылды.

Өзгелердің жаңалығы