Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар осы жоба аясында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде замануи үлгідегі спорт залдар салынуда. Жоспар бойынша спорт залды 2022 жылдың сәуір айында аяқталады.
Айта кетейік, 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты ауылдарда 25 шақырым жол жөнделді.
Жалпы қала бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобасы аясында 20,5 шақырым ішкі жолдар жөнделсе, облыстық бюджеттің есебінен 8,15 шақырым жол жөнделген.