Кентауда алғашқы гемодиализ орталығы ашылды

1 Қазан 2020, 14:12
1567
Бөлісу:
Кентауда алғашқы гемодиализ орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қалалық ауруханасында алғашқы гемодиализ орталығы ашылды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін бүйрегі ауыратын науқастар ем үшін Түркістан қаласына барған болса, қазір жергілікті ауруханада ем алады. Онда бүйректі тазалап, ағзаның жұмыс істеуін ретке келтіретін заманауи 6 дана «B Braun» аппараты алынған. Орталықта 8 дәрігер бір уақытта 50 науқасқа дейін ем-дом көрсете алады. Қазіргі таңда 18 науқасқа медициналық көмек көрсетілуде.

Гемодиализ бөлімінде 8 қызметкер бар. Олар: орталық меңгерушісі, операциялық менеджер, дәрігер нефролог, аға мейірбике сынды мамандар. Созылмалы бүйрек ауруы кезінде гемодиализ емін науқастар аптасына 3 рет 4 сағаттан алады. Аппарат арқылы бүйрек тазарып, қан айналым реттеледі.

Бүйрек ауруымен келген науқастарға қалалық реанимация бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Орталықта гемодиализ процедурасынан өзге науқастарды үйінен алып келіп, қайта үйіне апарып тастау қызметі де көрсетіледі.
 



Өзгелердің жаңалығы