Кентауда 58 адам астан уланып қалды

Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті, оның 27-сі – бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 28 Маусым 2023 2023, 22:40
28 Маусым 2023 2023, 22:40
1843
Фото: архив

Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті, оның 27-сі – бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнынан тез дайындалатын тағамдарды жеген. Бұл туралы мәліметті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы растады. 

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар науқастардың саны тағы да артуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәл осы дәмханадан өткен жылы қазанда 167 адам, тамыз айында сегіз адам уланған. Сол кезде тамақтану орны жабылып, басшылығына қатысты іс қозғалған.

Ал полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты да, аспаздарының медициналық кітапшасы да болмай шыққан.

Наверх