Кентау көшелері жөндеуден өтіп жатыр

6 Мамыр 2021, 02:20
1898
Бөлісу:
Кентау көшелері жөндеуден өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Кентаудағы 50 шақырымды құрайтын 50-ден астам көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кентау қаласының ішкі жолдары жыл соңына дейін 26 шақырымнан астамы жөнделіп, жалпы жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы – 75,6%-ға  жетеді. 2022 жылы қалған 43 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100%-ға жететін болады, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда шаһардағы 11 көшенің қиылыстарына заманауи бағдаршамдар орнату жұмыстары басталды.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2020-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаладағы барлығы 258 көшенің жалпы ұзындығы 173,5 шақырымды құрайды. Өткен жылы 13,2 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Өзгелердің жаңалығы