Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Кенияның бес жеңіл атлетіне "спорттық азаматтық" рәсімдеуді бастады. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлайды.
"Төрт спортшы - Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және бапкер Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан азаматтығын қабылдағаны туралы ақпаратты растаймыз", - деді федерацияда.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап бұл спортшылар Шығыс Қазақстан облысы атынан жарыстарға қатысатын болады. Сондай-ақ, олар - "Алтай Атлетикс" клубының мүшелері.
Қазіргі уақытта Федерация жоғарыда аталған атлеттердің Халықаралық жеңіл атлетика, федерацияларының қауымдастығындағы (IAAF) "спорттық азаматтығын" рәсімдеуге кірісті.