Кенияда Эбола жұқтырғандар саны жеті адамға жетті

Қазіргі уақытта елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу шаралары күшейтіліп жатыр.

 pixabay 18 Қазан 2026, 08:55
18 Қазан 2026, 08:55
70
Фото: pixabay

Кенияда Бундибуджо түріндегі Эбола вирусын жұқтырудың тағы төрт жағдайы расталды. Осылайша, елде тіркелген науқастардың жалпы саны жеті адамға жетті. Бұл туралы ақпаратты Xinhua агенттігі таратты.

Кения Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазанда хабарлауынша, жаңадан вирус жұқтырғандардың арасында Эболадан қайтыс болған алғашқы науқастың жақын туысы және оған ауруханада медициналық көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар.

Бұл туралы Кения Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас директоры Патрик Амо мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу шаралары күшейтіліп жатыр.

Айта кетейік, Кенияда Эболадан көз жұмған алғашқы адам Конго Демократиялық Республикасында тұрып жатқан осы елдің азаматы болған. Ал Конго Демократиялық Республикасының шығысында аурудың ауқымы бұрын-соңды болмаған өршуі жалғасып жатыр.

Наверх