Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

27 Қыркүйек 2024, 09:08
462
Бөлісу:
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Бүгінгі таңда су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс. Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 миллион текше метр.

Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Сондай-ақ, Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды.

Өзгелердің жаңалығы