Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі барысында бірқатар екіжақты кездесулер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Үндістан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Гиридхар Араманемен келіссөздер жүргізді.
Тараптар қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Әскери білім мен ғылым, жауынгерлік дайындық, бітімгерлік қызмет және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңеске қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнат Сингхке жылы лебізін жеткізді.