Кененің шағуы неге қауіпті?

20 Шілде 2023, 09:21
767
Бөлісу:
Кененің шағуы неге қауіпті?
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Кене адамға жабысады және анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем ауыртпайды. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады.

Кене адамның денесінде 12 күнге дейін жабысып тұра алады және осы уақыт ішінде диаметрі 2 см болатын шардың мөлшеріне дейін өседі.

Кейбір жағдайларда кенелер энцефалит, кене сүзегі, кене боррелиозы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып, аллергиялық реакциялар тудыратынын есте ұстаған жөн.

Егер кене шағып алса не істеу керек?

Ең дұрысы дереу дәрігерлерге медициналық көмекке жүгіну керек.

Біріншіден, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде қалуы мүмкін.

Екіншіден, ем-шара кезінде кенені ұсақтауға болады. Жәндіктердің уы денеге тері арқылы да енуі мүмкін. Ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар.

Үшіншіден, егер сіз кенені өзіңіз алып тастасаңыз оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды және оны тексеру үшін маманға бару керек.

Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Жәндіктермен байланыста болудан қалай сақтануға болады? Табиғатқа (жайылымға, егістікке және демалыс орындарына) барған кезде жәндіктердің шағуынан қорғану құралдарын (репелленттерді) өзіңізбен бірге алыңыз.

Қатты, ашық түсті киіммен жақсы киініп, дененің ашық жерлерін (бет, мойын, қол, тобық) мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз, жабық аяқ киім киіңіз.

Өзгелердің жаңалығы