Мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін жобасын түсіндірді. Ол сән-салтанаты салығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр, - деді ол.
Сонымен қатар әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады. «Бесіктен» шыққаннан бастап жабылғанға дейін фискалдық» сүйемелдеуді енгізуге баса назар аударылады. Бұл ретте салық есептілігі 30%-ға қысқарады. Біз камералық бақылау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді ұсынамыз. Егер қазір бұл бақылау тәсілі болса, онда болашақта бұл процедура бұзушылықтарды жою саласынан сәйкессіздіктер анықтау саласына ауысып, ескерту сипатына ие болады, - деп айтты Жұманғарин Мәжілісте.
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де өзгереді.
Маңызды мәселе, біз қазір салықтардың аз мөлшеріне байланысты бизнестің барлық қызметіне тосқауыл қоймаймыз, - дейді Үкімет мүшесі.