Владимир Зеленский Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер аясында АҚШ-та кездесу өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, кездесу 21 наурызға жоспарланып отыр. Зеленский американдық тараптың келіссөздер форматтарын жалғастыруға дайын екені туралы сигналдар бар екенін атап өтті.
Келіссөздерде үзіліс болды, енді оны аяқтайтын кез келді. Украина делегациясының саяси бөлігі жолда, біз осы сенбіде АҚШ-та кездесу өткіземіз деп күтіп отырмыз, – деді ол.
Кездесудің нақты кімдермен өтетіні әзірге нақтыланбады. Алайда Украина тарапы келіссөздерге дайындықты пысықтаған.
Президенттің мәліметінше, келіссөздерге Рустем Умеров, Кирилл Буданов, Давид Арахамия және Сергей Кислица қатысуы мүмкін.
Бұл кездесу Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған кезекті қадам болуы ықтимал.