«Ұлттық идеология және ...» жобасының жаңа маусымы басталды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа маусымның алғашқы шығарылымы «Ұлттық идеология және отандық телехикаялар» тақырыбына арналды. Сұхбат қонағы кино және телепродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова болды.
Продюсер «Келінжан» телехикаясының 5 қыркүйектен бастап көрсетілетін төртінші маусымының жаңалықтарымен бөлісті.
«Айсараның образы арқылы бүкіл қазақ әйелдерін солай көрсетеді», «неге «Келінжандағы» ауылдың келіншектері халат пен лосины, шұлық пен тапочка киеді», «неге қазақтар телехикаяларда үнді мен түріктер секілді 100, 200, 1000 бөлім түсірмейді» деген сияқты халықтың сынына жауап берді. Сценарийға шабытты қайдан алатынын және телехикаяның 5-маусымын неге түсіргісі келмейтінін айтты. Сондай-ақ «Келінжанның» толық метрі шығатынын хабарлап, түсірілімнің қалай жүргенін жеткізді.
Сонымен қатар, сұхбатта идеология ұғымы, кино көріліміне қатысты әлемдегі тенденцияның өзгерісі, интернеттегі сериалдар, отандық телеарналардан орыс, үнді, түрік телехикаяларының берілуі, отандық актерлардың жағдайы, сериалдарға бөлінетін қаражат сияқты тақырыптар қамтылды.
Қонағымыз қазақша KARA SEVDA, «Маска» шоуы, «Я люблю тебя» және «Досмұқасан» фильмдері туралы қызықты деректер айтты.