Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша соңғы үш жылда 38 ауылдық елді мекенде жолдар жөнделді.
Өңірде бір жарым мың шақырым автожол жөнделді. Республикалық маңызы бар 674 шақырым трассаны және жергілікті желінің 800 шақырымнан астам автожолын реконструкциялау жалғасуда. Жалпы ұзындығы 513 км болатын Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жаңа жолымен жүру қамтамасыз етілді, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ баспасөз мәслихатында.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, келесі жылға толық аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы Жезқазған-Қызылорда автожолында Қарағанды облысының учаскесінде жол – құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Сапалы жол Жезқазған мен Сәтпаевтың сауда-көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.