Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы бензин, дизель және азық-түлік бағасы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алу керек? Қазақстандықтар ақшасын неге инвестициялағаны дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев жауап берді.
Ауыл шаруашылығы өнімдері
Сарапшы келесі жылы «бәрі» қамбаттайтынын айтты. Мысалы, азық-түліктің қымбаттауына дайын болуы керек екенін айтты. Биылғыдай картоп бағасы келесі жылы да шырқап кетуі мүмкін екенін айтты.
Бүкіл әлемде азық-түлік өнімдері қымбаттап жатыр. Әлемде баға 40 пайызға дейін өсті. Біздің елде баға бір жылда 11 пайыз өсті. Тұрақтандыру қоры жұмысын дұрыс реттемеген жағдайда шілде айында «картоп дағдарысы» қайта қайталануы мүмкін. Әлем бойынша жем-шөп бағасы өсті, яғни көктем, жаз айларында ет пен жұмыртқа қымбаттайды деген сөз. Жалпы алғанда мал азығы қымбаттайды, - деді ол.
Жылжымайтын мүлік
2022 жылы жылжымайтын мүлік арзандайды деп айтудың қажеті жоқ, дейді сарапшы.
Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткілікті шектің ұлғаюына қарамастан, елде жеңілдетілген бағдарламалар бар.
Үй бағасына келетін болсақ, келесі жылы мұндай қарқында өспейді, алайда бұл баға арзандайды деген сөз емес. Мүмкін, қарқын жалпы инфляция деңгейіне дейін төмендейді, өйткені тұрғын үйге деген сұраныс әлі де ұсынысқа сай. Мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар бар. Келесі жылы ұлттық жоба аясында тағы бір бағдарламаны іске қосу жоспарланған. Сондықтан үйдің бағасы түседі деп күтудің қажеті жоқ, - деді Чеботарев.
Сонымен қатар ол құрылыс материалдары да қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
Бензин және дизель
Андрей Чеботарев бүкіл әлемде экономиканың жандануы аясында әртүрлі салада қымбатшылық байқалатынын, соның ішінде, энергетикалық дағдарысты да ұмытпау керек екенін айтты. Бұл дегеніміз мұнай мен көмірдің қымбаттауы.
Бензин де, дизель отыны да қымбаттайды. Бензин қымбаттайды, өйткені бүкіл әлемнен артта қалып отырмыз. 2025 жылы ЕАЭО шеңберінде энергия ресурстарының бірыңғай нарығы күтіп тұр. Бізде Ресеймен бірыңғай отын нарығы болады. Қазір Ресейде бензин 250-270 теңге тұрады. Шекара арқылы мұнай өнімдерінің ағынын тоқтату үшін теңдестіру керек, бұл баға бізге де біртіндеп келеді, - деді Чеботарев.
Әртүрлі салада баға болжамдары туралы айта отырып, қаржы сарапшысы қазақстандықтар үшін 2022 жыл «жеңіл болмайды» деп есептейді.
Біз қазір бағаның өсуін айтарлықтай тежеп отырмыз. Қабылданған шаралар бір жерде жұмыс істесе, екінші жерде жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ бүкіл әлемде қазір басты мәселе - инфляция, ол бірнеше есе өсті. Бұл жалпы әлемдік проблема. Бұл жерде Қазақстан қандай да бір ерекше жағдайда деп айтуға болмайды, - деп есептейді сарапшы.
Кіріс пен сұранысты арттыру үшін Чеботарев мемлекетке сенбей, білімге инвестиция салуды ұсынады.
Бағаны көтеру актісі дайындалып жатыр. Бір ғана кеңес берер ем, өз болашағын ойлайтын әрбір адам табысын көтеру керек. Мен кірісті арттырудың бір ғана жолын білемін, ол – білім. Оқыңыз, біліміңізді жетілдіріңіз, жаңа мамандықтарды игеріңіз, - деді Андрей Чеботарев.