Келесі жылы «Бастау Бизнес» жаңа форматта басталады

27 Желтоқсан 2021, 20:24
1258
Бөлісу:
Келесі жылы «Бастау Бизнес» жаңа форматта басталады

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. «Бастау 2.0» жобасының барысында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленбек.

Технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

Техникалық карталарға сәйкес нақты кейстерді оқыту неғұрлым сапалы өнім немесе шикізат өндіруге мүмкіндік береді және кепілді өткізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін болады. Осының аясында Ұлттық палата биыл аудандардың мамандануын айқындау және аудандардың мастер-жоспарларын әзірлеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту, сауалнама жүргізу үшін аудандардың (42 аудан) тізбесін айқындауды ұсынды, - дейді ол. 

Ұлттық жобаға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралықта «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің үлесін 35%-дан 60%-ға дейін көтеруді көздеп отырғанын айтты.  

Қазір микроқаржы ұйымдарының жеңілдетілген несие беретінін білеміз. Бұл бағыттағы Үкіметтің қолдауының арқасында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 15 «Атамекен» микроқаржы ұйымы құрылған. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымдары жалпы сомасы 16,2 млрд теңгеге 2 417 өтінім қабылдаған. Оның ішінде жалпы сомасы 8,7 млрд теңге болатын 1 619 өтінім микроқаржы ұйымдарының несие комитеті арқылы мақұлданған. 1429 өтінім Аграрлық несие корпорациясына жолданып, 4,1 млрд теңгеге 734 микронесие берілді,-деп түсіндірді Нариман Әбілшайықов. 

Оның айтуынша, алдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру шеңберінде Atameken Academy онлайн оқыту платформасында өтінім беру кезінде ЭЦҚ арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер орын алады. Оқуды іске асыру процесінде – онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңін алып тастау енгізіліп жатыр. 

«Бастау Бизнес» түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд теңге бөлінді. Ұлттық палатаның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы мәлімет көп. Кез келген адам оқып танысуына және 1432 байланыс орталығына хабарласып, барлық сұраққа жауап алуға болады Айта кету керек, бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатыр. Жоспар бойынша 2022 жылдың наурызына дейін 5 мың жобаны қаржыландыру жоспарда бар, - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов.

Өзгелердің жаңалығы