Келесі жылы ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек - Споткай

22 Қазан 2020, 11:37
2420
Бөлісу:
Келесі жылы ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек - Споткай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты аппарат басшысының орынбасары Максим Споткай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында осындай ұсыныс жасады.

Оның айтуынша, саяси реформалар жөніндегі топ бірқатар ұсыныс әзірледі. Барлық бастама жұмыс тобында жан-жақты талқыланды. Оларды әзірлеуге кеңес мүшелері атсалысты. 

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін 5 жылға арналған тұжырымдама қажет. Сонымен қатар, арнайы заң әзірлеп, қабылдаған дұрыс. Жергілікті деңгейдегі жиындарды өткізудің жаңа тәртібін енгізетін уақыт жетті деп есептейміз. Мәселен, ол үшін аудан әкімінің келісімі қажет. Ауыл азаматтарының кемінде 10%-і жиын өткізу туралы мәселе көтерсе, оған сол ауыл әкімінің келісімі жеткілікті деп есептейміз. Бір жағынан тұрғындар осындай жиындар арқылы әкімдердің қызметіне қоғамдық бақылау орнатар еді, - деді Споткай онлайн отырыс кезінде.

Сонымен қатар, ол ауыл әкімдерін сайлау туралы идея Президент Жолдауында да көтерілгенін айтты.

Бұл жерде де жалпыға бірдей тең, төте сайлау өткізу керек. Дауыс беру жасырын түрде болуы қажет. Келесі жылы кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек. Егер сайлау оң нәтиже берсе, оны кезең-кезеңімен басқа деңгейде де жүзеге асыру мүмкін деп санаймыз, - деді Максим Споткай.
Ол кез келген азаматтың сайлауға түсу құқығын шектемеу керек деп есептейтінін алға тартты. 
Ауыл әкімі үміткерлеріне қойылатын талап та жеңіл болғаны дұрыс. Ол үшін үміткердің 25 жасқа толуы, тиісті елді мекен аумағында соңғы 3 жылда тұрақты тұруы,ж оғарғы немесе орта арнаулы білімінің болуы шарт, - деді Максим Споткай.

Өзгелердің жаңалығы