Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңір басшыларын жөндеу жұмыстарының аяқталуын қатаң қадағалауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірқатар өңірде жұмысячтар кешігіп жатыр. Осыған орай Ақмола, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының әкімдеріне жөндеу жұмыстарының аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Келесі отырысқа дейін аяқтаңыздар, - деді Үкімет басшысы облыс әкімдеріне қарата.
Сонымен қатар жұмыстың сапасы басты назарда болуға тиістігін ескертті.
Тапсырма орындалмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл – барлық өңірлерге қатысты мәселе. Жылу беру маусымын уақтылы бастау қажет. Ағымдағы ахуалды келесі Үкімет отырысында қарайтын боламыз, - деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Үкіметте 2026 жылы Ұлттық әуе жүк тасымалдаушысы іске қосылатыны айтылды.