Келесі дүйсенбіде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады

16 Қаңтар 2023, 14:09
1165
Бөлісу:
Келесі дүйсенбіде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталады. 

200 000 теңге баж – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының кодексі» мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, - деп атап өтті комитет төрағасының міндетін атқарушы. 

Айтуынша, утиль алымының күші 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. 

Одан бөлек, Үкімет биыл 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті. Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни бүгін жарияланғанын ескерсек, 23 қаңтарда күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы