"Келешекке" ақша жинағандарға мемлекет сыйақы береді

13 Қараша 2024, 11:25
815
Бөлісу:
"Келешекке" ақша жинағандарға мемлекет сыйақы береді
Фото: Артём Чурсинов -архив

"Келешек" жинақтау жүйесіне жинаған қаржыға сыйақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңның осы жобасын зерделеп, "Келешек" жинақтау жүйесі бойынша нақты міндеттер қойылғанын көріп отырмыз. Бұл азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болатын және қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін жақсы жүйе. Осы жүйе мемлекеттік бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықтың жыл сайынғы төлемін, инвестициялық табысын қамтиды. Бұл ретте салымдарды құнсызданудан қорғау мәселесі түсініксіз болып қалады. Өйткені баланың мектепті аяқтағанға дейін қаражат жинау қажет болады. Жыл сайын ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді және ол құнсызданады, - деді Ұласбек Сәдібеков.

Депутат жоғарғы инфляциялық және девальвациялық тәуекелдерді ескере отырып, азаматтардың жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар көзделіп жатқанын сұрады.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов депутаттың сұрағына жауап берді.

Бірінші тетігі – Ұлттық банктің төмендетілген базалық мөлшерлемесінің деңгейін төмен болмауды қамтамасыз ету. Көрсетілгендей, 200-300 базистік тармақтан төмендетпеу. Екіншіден, банктердің беретін сыйақысынан бөлек жыл сайын мемлекет 5-7 пайыз қосымша сыйақы береді. Мұнда 5 пайыз – барлық салымшы үшін, 7 пайыз – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына арналған, - деді вице-министр Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы