Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек 2025, 11:45
599
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Білім күні аясында Астанада 28 мың оқушыға (2 ауысымда) арналған жеті жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Барлығы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында бой көтеріп, заманауи сыныптармен, зертханалармен және спорт залдарымен жабдықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап. 

Барлық мектеп соңғы технологиялар мен жаңа талаптарға сай жабдықталған. Еске сала кетейік, оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Жаңа оқу орындары қауіпсіздік пен цифрландыру талаптарына жауап береді. Олардың басты мақсаты – балаларға жайлы білім беру ортасын құру, үш ауысымды оқытуды жою және мектептердегі шамадан тыс жүктемені азайту.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Жаңа білім ордаларының ашылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту вице-министрлері Еділ Оспан, Майра Мелдебекова және Асылбек Ахметжанов, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Жаңа оқу жылының басынан бастап елордада 28 мың орынға арналған (2 ауысымда) 7 жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Жалпы алғанда, оқу жылы ішінде 15 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Өткен оқу жылында рекордтық көрсеткішпен 66 мың орынға арналған (2 ауысымда) 24 мектеп ашылған еді. Оның ішінде 16-сы – «жайлы мектептер». Бұл шаралар үш ауысымды оқыту мен мектептердегі жүктеме мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беруде.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында елордада жалпы саны 206 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік, 7-еуі – республикалық мектеп. Жалпы қамтылған оқушылар саны 310 мыңнан асады.

"Келешек мектептері": Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

2025-2027 жылдарға арналған білім беру жүйесін жаңғырту жоспары шеңберінде 22 мектепті жаңарту бекітілген. 2025 жылы қазірдің өзінде 6 білім ордасына күрделі жөндеу жүргізілді. Айта кетерлігі, биыл бірінші сыныпқа 31 мың бала барды.

Өзгелердің жаңалығы