Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

5 Қыркүйек 2024, 12:12
7154
Бөлісу:
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

BAQ.KZ тілшісі Қытайдың "Жэньминь жибао" газеті ұйымдастырған "Бір белдеу, бір жол" медиа ынтымақтастығы форумы аясында өткен баспасөз турында Қытай ауылында болып, тұрмысымен танысты.

Қытай десе көз алдымызға жаңа технологиялар, аспанмен таласқан зәулім ғимараттар келетіні сөзсіз. Алайда көрші елдің ауылдары жайлы көп естіп, біле бермейміз.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Орталық Азияның журналистері Гуйчжоу провинциясында орналасқан ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды. Біз барған жер Хуамао деп аталады.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Ауылға кіреберісте ұлттық стильдегі бекет бірден көзіңізге түседі.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Хуамаода шамамен 5 000 адам тұрады.

Ауылда күлімсіреген тұрғындардың фотосы ілінген қабырға бар. Ауыл тұрғындары үнемі күлімсіреп жүрсе, онда саясаттың дұрыс жүргізіліп жатқанын, ал керісінше жылап жүрсе, ауылда жүргізіліп жатқан саясатты қайта қарау керегін білдіреді.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

2023 жылы Хуамао ауылына 1 млн 180 мың адам келіп, 30 млн юаннан астам кіріс әкелген. Бұл дегеніміз былтыр ауылдың жан басына шаққандағы орташа табысы 24 000 юаньға жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда төрт есеге артқан.

Тұрғындардың негізгі күнкөрісі - ауылшаруашылығы. Олар егін егіп, мал өсіреді.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Мұнда ауылдықтар қазы, тауық, сиыр, доңыз ұстайды.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Ауылды аралап жүргенде бос жер жоқ екенін байқайсыз. Жан-жақтың бәрінде көкөніс пен жеміс-жидектер өсіп тұр.

Ауыл тұрғындарының бірі жүгері өсірсе, енді тағы бір қызыл бұрыш, қызынақ, түрлі бұршақтар өсірумен айналысады.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Тұрғындар тұрып жатқан жерлерін таза, ұқыпты ұстайтыны көзге бірден түседі. Суреттерден ауылдың әдемі пейзажын көре аласыз.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Жергілікті тұрғындар өте еңбекқор. Күннің аптап ыстығына қарамай, тынбай еңбектеніп жатыр.

Жоғарыда айтқанымыздай, ауылға туристер көп келеді. Келушілер дүкендерден ауылдың дәмінен дәм татып, қалаған заттарын сатып ала алады. Мысалы, тұрғындар өз қолымен әдемі картина жасайды, түрлі түсті қолшатыр жасап сатады.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Хуамао таулы аймақта орналасқандықтан ауылдың көрінісі өте ерекше. Туристерді сұлулығымен өзіне тартады.

Сондай-ақ хуамаолықтар өте қонақжай. Баспасөз турымен келген БАҚ өкілдері жергілікті асхананың дәмін татып, тұрғындар шығаратын шырынды да ішіп көрді.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

2016 жылы Хуамао “Қытайдың әдемі ауылы”мәртебесін алған, ал 2019 жылы ол туризм үшін маңызды ауылдар мен қалалардың жалпыұлттық тізіміне енген.

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Бұған дейін Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі жайлы жазғанбыз. 

Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз
Кедейі жоқ ауыл немесе Қытай ауылы жайлы не білеміз

Еске сала кетейік, еліміз де ауылдарды дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы