Кедендік төлем мен салықтан 1,9 трлн теңге пайда түсті

26 Шілде 2023, 13:12
1462
Бөлісу:
Кедендік төлем мен салықтан 1,9 трлн теңге пайда түсті
Фото: ОКҚ

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, экономикалық одақ ретінде құрылған деп айттыңыз. Өздеріңізден, кеденде көптеген электронды құжатпен жұмыс жүргізіліп жатқанын естідік. Бірақ сол электронды құжаттарды пайдала алмай жүрген ауыр жүк көлігінің иелері шетелге шығу үшін ортада жүрген делдал компаниялар арқылы 4 мыңдай доллар қаражат беріп, пайдасын аз көріп отырғандарын айтады. Осы әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы не дейсіз? деп сұрақ қойды БАҚ өкілі брифинг барысында.

Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев бұл мәселені қолға алып, түсініктеме беретінін айтты. 
Сондай-ақ спикер кедендік төлем мен салықтардан елімізге қанша қаржы түскенін атап өтті.

Тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығында ЕАЭО елдері арасында бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық (1,6 трлн теңге), оның ішінде импортқа арналған ҚҚС 890 млрд теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өсті, - деді Елдос Саудабев.  

Өзгелердің жаңалығы