Кеңесте Еуразиялық континентті дамытудағы нақты ұсыныстар айтылады – Нығматулин

24 Қыркүйек 2019, 10:31
1785
Бөлісу:
Кеңесте Еуразиялық континентті дамытудағы нақты ұсыныстар айтылады – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеңес жұмысында Еуразиялық континентті дамыту мақсатында стратегиялық, ашық және көпжақты тұрақты серіктестікті құру үшін нақты ұсыныстар айтылады.

«Бүгінгі форум заң шығару органдар арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге кең жол ашады деп сенім білдіреміз», - деді Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының алғаш рет Еуразиялық интеграция идеясын 1994 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқанын және осы күнге дейін маңызын арттып келе жатқанын атап өтті.

«Кеңестің қатысушылары мен географиясы әр отырыстан кейін көбейіп келеді. Еуропа мен Азия парламентарийлерінің атаулы форумына айналды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Еуразияның парламенттік астанасына айналды. Еуропа мен Азияның 65 елінен келген делегацияның 41-ін парламент спикерлері бастап келді. Сонымен қатар, 14 халықаралық және парламентаралық ұйымның басшылары қатысып отыр.Форумның маңыздылығы – Еуразия интеграциясы идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысып отырғаны болып отыр. Форумға «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбы бекерден алынған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кеңес Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де жай емес. Мұндай идеяны алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатын. Идея аз уақыт ішінде Еуразиялық экономикалық одақта және басқа да халықаралық маңызды шарттарда қолдау тапты. Біз интеграциялық процестерге заңнамалық тұрғыдан қолдау болса, Үлкен Еуразия идеясының сәтті жүзеге асуына ықпал ететінін білеміз. Кеңес жұмысында Еуразиялық континентті дамыту мақсатында стратегиялық, ашық және көпжақты тұрақты серіктестікті құру үшін нақты ұсыныстар айтылады», - деді Мәжіліс спикері.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесінің басталғаны туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы