Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ораза қарсаңында Қазстандарт арнайы ресурсты Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жазды.
Қазақстаннның барлық өңірлерінің тұрғындары бұл ресурс арқылы күннің шығуы мен батуының нақты уақытын біле алады. Өйткені, ораза ұстайтындар үшін әр минут маңызды.
Біздің еліміз бірегей. Қазақстан халқы зайырлы мемлекет қана емес емес, діни мерекелерді де атап және бір-бірімызді шын жүректен құттықтап, басқалардың таңдауына құрмет көрсетеміз. Қасиетті ай біздің көпконфессиялы халқымызды одан әрі ұйыстыратынына сенімдімін. Әрбір қазақстандық отбасына жақсылық, бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін!, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.