Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.
Қазір коронавирус бойынша жағдай өте күрделі. Баспасөз беттерінде жазылғандай, өсім өте үлкен. Өте жоғары жағдайға жеттік. Бүгінгі таңертеңгі жағдай бойынша 510 науқас тіркелді. Былтыр шілдеде өте күрделі жағдай болды. Сол шілдеде біз ең көп дегенде 250-270-ке шыққанбыз. Қазр екі есе артық болып отыр, - деді ол.
Сағынтаев атап өткендей, сенбі күнгі демалыстың өзінде 510 екенін айтты.
Демалыс күндері төмен болатын. ПТР сынамасын тапсыруға баратын азаматтар саны аз болатын. Ал қазір демалыста да көрсеткіш көңіл көншітпейді. Қаңтар, ақпан және наурыздың басында 4-5 мың аралағңында ПТР сынама жасасақ, бүгінде 8 мыңға шығып отырмыз. 8 мыңның 55 пайызы өз қаржысына тапсырған науқастар болды. Бұл бір жағынан жақсы. Жағдайдың қиын екенін көріп отырмыз. Екінші жағынан бұл жұқтырудың жылдам жүріп отырғанын көрсетіп отыр. Қазір біз үйренген вирус емес. Вирус өзгерді, - деді Сағынтаев.
Алматы әкімі Бас санитарлық дәрпігер вирустың жаңа штаммдары пайда болғаны туралы айтқанын еске салды.
Бұл вирустың жаңа штаммдары тез жұғады. Егер бұрын симптомсыз болса, қазір симптомы бар науқастар көбейді. 510 науқастың 417-сінде симптомы бар. Бұрын мұндай болмайтын. Қала бойынша 32 597 жағдай тіркелді. Ал жыл бойынша алатын болсақ, былтыр 18 мыңды құраса, биыл жаңа жылдан бастап 14 мыңды құрады. Наурыздағы көрсеткіш вирустың тез тарағанын көрсетіп отыр, - деді ол.