Індеттен кейін психикалық ауытқушылық пандемиясы орын алды – Николай Негай

12 Қазан 2021, 12:34
7544
Бөлісу:
Індеттен кейін психикалық ауытқушылық пандемиясы орын алды – Николай Негай

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР-дағы ДДСҰ офисінің Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық кеңесшісі Николай Негай мәлімдеді.

Оның айтуынша, ДДСҰ-ы коронавирус пандемиясынан кейін психикалық ауытқушылық пандемиясы болатынын қазірден ескертіп жатыр екен. Оған қазіргі коронавирус пандемиясы және басқа да әлеуметтік жағдайлар әсер етіп жатқан көрінеді.

Пандемия басталығалы болып жатқан түрлі үрей, локдаун, жұмыстан айырылу, бұрынғы өмір салтының өзгеруі, қашықтан жұмыс істеу және басқа да өзгерістер адам психикасына айтарлықтай әсер етті. Бұған дейін адамдардың көбінде ұйқының бұзылуы және басқа да алаңдаушылықтар пайда болғаны айтылған. Мұндай өзгеріс әлем бойынша жүріп жатыр. Қазір ғылыми түрде дәлелденген нақты деректер бар. Онда вирустың адам психикасына қалай әсер ететіні, жүйке жасушаларын зақымдайтыны айтылған,-дейді Негай.

Оның айтуынша, адам ағзасындағы антиденелердің вирусқа қарсы тұруы, онымен күресі айналып келгенде өз кесірін тигізбей қоймайды.

Коронавируспен аурып жазылған адамдарда екі-үш айдан кейін түрлі асқынулар болып жатыр. Әсіресе ауыр түрімен сырқаттанған адамдарда қайта ауырып қалам ба деген алаңдаушылық, үрей басым. Оның барлығы адам жүйкесін жұқартады. Біздің ендігі міндетіміз сондай адамдарға дер кезінде дұрыс көмек көрсету. Қазір психиатрдың көмегін онлайн алуға болады. Олар ананимді, сондықтан емді кейінге қалдыруға болмайды,-деді ол.



Өзгелердің жаңалығы