Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Kazinform ақпарат агенттігіне – 105 жыл

Әсел ӘБІЛБЕК
10 Қыркүйек 2025, 19:02
465
Бөлісу:
 Kazinform
Фото: Kazinform

Бүгін Президент орталығында «Kazinform»Халықарылық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми және сарапшы қауым, медиа саласының өкілдері, сондай-ақ «Kazinform» агенттігінің шетелдік серіктестері қатысты.

Президент көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай агенттіктің 105 жылдығына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Kazinform ақпарат агенттігіне – 105 жыл

Қадірлі қауым! Сіздерді «ҚазАқпарат» халықарлық ақпарат агенттігінің құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл ұлттық баспасөздің мерейлі белесі. Ғасырдан астам тарихы бар агенттік осы кезеңде еліміздің ақпарат саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Жұртшылықты дүниежүзіндегі аса маңызды оқиғалардан дер кезінде хабардар етіп, Қазақстанның 100 жылдық жылнамасын жазды. Шежірелі шаңырақта қолтаңбасы қалған қаламгерлер ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, халыққа қалтқысыз қызмет етті. Қазір де редакция ұжымы бұл ұстанымнан айнымай, аға-буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келеді. Олар қоғамдағы көкейкесті мәселелерді үнемі батыл көтеріп жүр. Бүгін де агенттік бірнеше тілде жаңалық тарататын беделді халықаралық ақпарат құралына айналды. Агенттік басылымдардың Қазақпараттың мәліметтеріне жүгінуі - соның айқын дәлелі. Әділетті Қазақстанды қүру ісіне белсене ат салысып, өз міндетін абыроймен атқарып жүрген агенттік қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерді алдағы уақытта да отанымыздың өркендету жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін, - делінген құттықтау хатында.

Алғашқы қазақ ақпарат агенттігі 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде ашылған. «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігі 2022 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ құрамына қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Іс-шарада «Kazinform. Біздің тарих» деректі фильмінің тұсаукесері және «Kazinform.Цензурасыз шежіре» кітабы таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы